Пияз қымбаттап кеткен. Қарашөкеев пияз бағасы қалай реттелетінін айтты

23 Қаңтар 2023, 15:00
1314
Бөлісу:
Пияз қымбаттап кеткен. Қарашөкеев пияз бағасы қалай реттелетінін айтты

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев еліміздегі пияз бағасын тұрақтандыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл елімізде 1,1 млн тонна пияз өндірілген. Тұтыну көлемі – 300 тонна. 

Былтыр 800 мың тонна пияз өзімізге де, экспорттауға да толық жетті. Биыл әлем бойынша өте қиын жағдай туындап тұр. Негізгі пияз өндіруші елдер түрлі табиғи себептерге байланысты жылдағы көлемді бере алмады. Мысалы, Пәкістанда қиындықтар бар. Бұл ел пияздың әлемдік қоймасы саналады. Алайда онда су тасқыны, қуаңшылық болды. Қазір Қазақстанда пияздың 100 мың тоннадан аса қоры бар. Ерте пісетін пияз жеткізілгенше, көктемге дейін осы пиязды сақтауымыз керек. Осыған байланысты ведомствоаралық комиссия пиязды сыртқа шығаруға шектеу қойды, - деп түсіндірді Ербол Қарашөкеев.

Оның айтуынша, шектеу мерзімі 3 айға созылған.

Нарықтағы жағдай өзгермесе, 6 айға дейін созылуы мүмкін. Бірақ ай сайын жағдайды бақылап отырамыз. Өндірушілеріміз пиязды сыртқа жақсы бағамен экспорттаған. Пияздың бағасы - көтерме деңгеймен келісіне 150-170 теңге. Ал Ресей және Өзбекстанда көтерме бағаның өзі 240 теңгеден асып кеткен. Сол себепті пияз бағасын тұрақты сақтау үшін оны сыртқа шығаруға шектеу қойылды. Қазір 3 айға шектеу енгізілген. Нарықтағы жағдай өзгерсе, соған сәйкес әрекет етеміз, - деді Ербол Қарашөкеев.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, елімізде бір аптада пияз 5,5% қымбаттаған.

Қазақстан пияз экспортына уақытша тыйым салғанын еске сала кетейік.

Өзгелердің жаңалығы