Пияз экспортына шектеу енгізілмейді - Ауыл шаруашылығы министрі

26 Шілде 2022, 18:21
1414
Бөлісу:
Пияз экспортына шектеу енгізілмейді - Ауыл шаруашылығы министрі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев министрі пиязды сыртқа шығаруға шектеу қою жөніндегі ұсынысты қолдамайтынын айтты.

Көкөніс өнімдері арасында пияздың бағасы өсті.  Жалпы, ішкі нарықта пияздың қоры жеткілікті. Мәселен, ай сайынғы қажеттілік 25,9 мың тонна болса, бүгінгі күні пияз қоры 34,4 мың тоннаны құрайды. Маусым айынан бастап ерте пісетін пияз жиналып жатыр. Оның жалпы көлемі 90 мың тоннадан асады деп күтілуде.  Бүгінде оның 35,2 мың тоннасы жиналды. Шілде айының соңына дейін және тамыздың бірінші жартысында 50 мың тоннадан астам пияз жинау жоспарланған, - деді ведомства басшысы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сонымен қатар министрдің сөзінше,  кейінгі кезде пиязды ел  аумағынан сыртқа шығаруға шектеу шараларын енгізу мәселесі талқыланып жатқанын еске салды.

Министрлік бұл мәселені қолдамайтынын айтқым келеді. Қазіргі уақытта министрлік Түркістан және Жамбыл облыстары әкімдіктерімен бірлесіп, пияз өндірушілер мен өзге облыстар, қалалар әкімдіктері арасында келісімшарттар жасасу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кездесу қорытындысы бойынша пияз сату бағасы келісіне 220 теңгеден 110 теңгеге дейін төмендеді. Жәнеде, қыркүйектен бастап күзгі пиязды жинау басталады. Оның көлемі 1 млн тоннадан астам болады деп болжанып отыр. Ол ішкі нарықтың қажеттілігін толық көлемде қамтиды. Осылайша, пияз көлемінің жеткіліктілігін және шектеу шараларын енгізудің қажеті жоқ екенін атап өтемін, - деді Ербол Қарашөкеев.

Өзгелердің жаңалығы