Пияз бағасы бір жылда 100 пайызға қымбаттаған

2 Наурыз 2023, 03:20
1134
Бөлісу:
Пияз бағасы бір жылда 100 пайызға қымбаттаған
Фото: womanishclub.com

2023 жылғы ақпанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 21,3%-ды құрады. Бұл туралы BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар жыл ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 26,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 20,5%, ақылы қызметтер 15% өсті.

2022 жылғы ақпанмен салыстырғанда пияз – 105%, кір сабын – 90,3%, кеңсе тауарлары – 71,8%, қияр – 56,8%, ағартқыштар мен балалар сабыны – әрқайсысы 56,3%-дан, қант – 55%, консервіленген сүт – 49,1%, күріш – 44,9%, макарон өнімдері – 41,1%, ұн 40,2%-ға қымбаттаған.

Жылдық мәнде, керісінше, ақбас қырыққабат 30,1%-ға арзандады.

Өзгелердің жаңалығы