Пиротехника сатушыларға айыппұл салынды

22 Желтоқсан 2020, 10:06
2160
Бөлісу:
Пиротехника сатушыларға айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда полицейлер заңсыз пиротехника сатқан азаматтарды анықтауда, деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика көлемінде 2020 жылғы 15 желтоқсаннан бастап пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатуды анықтауға бағытталған «Пиротехника» жедел–алдын алу іс-шарасы өткізілуде. 

Осы іс-шара аясында Атырау қаласының полицейлері қаланың екі тұрғынының әлеуметтік желілерде пиротехника сату туралы хабарландырулар орналастырғанын анықтады. 

Оларға қатысты 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл сала отырып, ӘҚБтК-нің 196-бабы (Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. 

Естеріңізге сала кетейік, пиротехникалық бұйымдарды аталған бұйымдар барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес және міндетті сертификаты болған жағдайда ғана тиісті рұқсат ала отырып, сатуға болады. 

«Пиротехника» жедел-алдын алу іс-шарасы 2021 жылғы 7 қаңтарға дейін жалғасады.



Өзгелердің жаңалығы