Пірматов: Инфляцияның шарықтауына қарамастан тұтынушылық сұраныс әлі де жоғары

24 Ақпан 2023, 15:29
1406
Бөлісу:
Пірматов: Инфляцияның шарықтауына қарамастан тұтынушылық сұраныс әлі де жоғары
Фото: milknews.ru

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Инфляцияның айтарлықтай өсуіне және халықтың нақты табысының төмендеуіне қарамастан, тұтынушылық сұраныс әлі де оң қалпында қалып отыр. Тұтынушылық кредиттеудің өсуіне, жоғары инфляциялық күтулерге орай азық-түлікке жатпайтын тауарлар саудасының өсуі сақталуда. Бұл азық-түлікке жатпайтын импорттың артуына әкеледі. Қаңтарда негізгі капиталға инвестициялар 18,3 пайызға дейін өсті. Атап айтқанда, өнеркәсіпке қаражат салу көлемі 9,2 пайызға, ауыл шаруашылығында – 33,7 пайызға, жылжымайтын мүлік операцияларында – 33,7 пайызға, көлік пен қоймада сақтау саласында – 31,8 пайызға өсті, - деп атап өтті Ұлттық банк басшысы. 

Сонымен қатар ол жыл басында елдегі ішкі жалпы өнімнің қандай көлемді құрағанына тоқталды. 

Биылғы қаңтарда Қазақстанда нақты жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны өткен жылғы төмен база себебінен 5,6 пайызды құрады. Тауар өндірісі 2,3 пайызға, қызмет көрсету саласы 7,6 пайызға өсті. Барлық негізгі салалар бойынша оң динамика байқалуда, ең жақсы көрсеткіштер сауда (+ 19,4%), ақпарат пен байланыс (+ 18,1%), сондай-ақ құрылыс (+ 12,5%) саласында орын алды, - деді Ғалымжан Пірматов. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы қаақстандықтардың 60 пайызы қолма-қол ақшаны пайдаланатынын айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы