«Pfizer», «Moderna», «SinоVac» келер болса, өңірлерде оларды сақтайтын тоңазытқыштар жеткілікті ме?

23 Сәуір 2021, 13:58
1590
Бөлісу:
«Pfizer», «Moderna», «SinоVac» келер болса, өңірлерде оларды сақтайтын тоңазытқыштар жеткілікті ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстанда COVID-19 қарсы вакцинация: ең өзекті сұрақтарға жауаптар» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты.

Егер елімізге «Pfizer», «Moderna», «SinaVac» вакциналары жеткізілетін болса, өңірлерде оларды сақтайтын тоңазытқыш құрылғылары жеткілікті ме?

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, «СҚ-Фармация» мекемесі тарапынан «суық тізбек» мониторингі жүргізіліп тұрады. Өңірлерге вакцина жіберу процесі де сол аймақтардағы тоңазытқыш құрылғыларының көлеміне сай атқарылатын болады. Бүгінде өңірлерде -18 С-пен қамтамасыз ететін тоңазытқыш камералары, термоконтейнерлер бар. Өзім де сарапшы ретінде өңірлерге шығып, осы «суық тізбек» мониторингін жүргізуге қатыстым, - деді ол.

Маман қазақстандықтарды вакцинация жүріп жатқан пункттерде температуралық режим мұқият сақталатынына сенімді болуға шақырды.
Өзгелердің жаңалығы