Петропавлды жағымсыз иіс жайлады

24 Сәуір 2023, 19:23
949
Бөлісу:
Петропавлды жағымсыз иіс жайлады
Фото: автордан

Петропавлды қолқаны қабар иіс жайлады. Жыл сайын болатын құбылыс биыл да қайталанып отыр. Қала тұрғындары емін-еркін далаға шыға алмай қалғандарын айтып шағымданды, деп хабарлайды BAQ.KZ-тің Солтүстік Қазақстан облысындағы тілшісі.

ТОҒАН ЕШҚАШАН ТАЗАЛАНБАҒАН

Жағымсыз иістің бәрі қала маңындағы биотоғаннан тарап жатыр. 12 миллион текше метр қойма 70 жылдан астам уақыт бұрын қолданысқа енгізілген еді. Оған күніне шамамен 40 мың текше метрге дейін кәріз суы құйылады. Мамандардың айтуынша кәріз суы арқылы құйылатын қалдықтар тоғанның астында 4,5 метрге дейін жиналып, тоң болып түзілген.

Биотоғанға қыс бойы 7,5 млн тонна кәріз суы құйылды. Мұз еріп, беті ашылғасын оның исі бірден айналаға тарады. Одан ешқайда қашып кете алмаймыз. Қыста ешқандай микроогранизм тірлішік етпейді. Сондықтан «хлорелла» да қатып жатты. Ол күн жылыда іске кіріседі. Бірден нәтиже күту дұрыс емес. Биотоған 1953-ші жылы ашылды. Жылдар бойы жиналған қалдықты бір жылда тазалап шығу мүмкін еместігін бәрі түснуі тиіс. Жұмыс жүріп жатыр. Оған белгілі бір уақыт керек. Қала тұрғындарына сабр сақтауға кеңес беремін, - дейді «Су ғылыми-технологиялық орталығы» серіктестігінің директоры Александр Рейбанд.

Петропавлды жағымсыз иіс жайлады

ТҰРҒЫНДАР ЕРКІН ТЫНЫС АЛА-АЛМАЙ ҚАЛҒАНЫНА ШАҒЫМДАНДЫ

Қаланың барлық аудандарының тұрғындары жағымсыз иіс қолайсыздық тудырғанын айтып, әлеуметтік желілерде шағымданды.

Не далаға емін-еркін шыға алмай, не терезе аша алмай қалдық. Үй ыстық. Қалаға жылу беру әлі тоқтатылған жоқ. Әсіресе балаларға қиын болып тұр. Кейбіреуінің ағзасы мұндай иіске аллергиялық рекция береді. Талай адамның денсаулығына зиын болып жатқаны анық. Қала билігі мәселені тезарада шешу жолын қарастыру керек деп ойлаймын. Өйткені мұндай проблема бірінші рет болып отырған жоқ, - дейді қала тұрғыны Архат Орынбеков.

БЫЛТЫР УЛЫ ЗАТТЫҢ МӨЛШЕРДЕН ТЫС КӨБЕЮ КӨРСЕТКІШІ 7 РЕТ ТІРКЕЛДІ

Былтыр жаз мезгілінде ауадағы улы заттың мөлшерден тыс көбюі 7 рет тіркелді. Жағымсыз иістен біржола құтылу мүмкін емес. Дегенмен оның мөлшерін айтарлықтай азайтуға болады. Ол үшін биотоған тазалануы тиіс. Оны мехкниалық жолмен жүзеге асыруды елестету қиын. Жергілікті ғалымдар тоғанды балдырлар арқылы тазалау әдісін ұсынған болатын. Бірнеше жыл бойы талқыланған жоба былтыр қабылданды.

«Хлорелла» балдырлары күкірт қышқылын бөлетін микроағзалармен қоректенеді. Ол тоғанда біртіндеп бактериялардың азаюына септеседі. Біз мұны зертханада тәжірибе арқылы дәлелдедік. Былтыр 400 мың литр балдыр әзірлеп, көлге жібердік. Ол енді жіби бастады. Нәтижесін күту керек, - дейді Александр Рейбанд.

СҚО Экология департаментінің Зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің жетекшісі Дамир Жұмабаевтың айтуынша, қаланың түрлі ауданында орналасқан бекеттерде ауа сапасын тексерілді.

Петропавлды жағымсыз иіс жайлады

Таңертең күкіртсутегінің бөлшері нормадан асқанын байқадық. Оны кез келген адам «AIR.KZ»мобильді қосымшасынан көре алады. Дегенмен ешқандай қауіп жоқ. Тұрғындардың жайсыздықты сезінгені рас. Ауа қатты ластанды деуге болмайды, - дейді ол.

Биотоған – қала тұрғындарын тіршілік нәрімен қамтаасыз етіп отырған «Қызылжар су» мекемесінің қарамағында. Жобаны жүзеге асыруға 125 млн теіге бөлінген болатын. Оның нәтиже беретініне ешқандай кепіл жоқ.

Өзгелердің жаңалығы