Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құтқарушылар үйінді астынан жоғалып кеткен жұмысшы әйелдің денесін тапты. 38 жастағы әйелді іздестіру жұмыстары екі тәулікке жалғасқан деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол түтін мұржасы жартылай құлаған сәтте жұмыс орнында болған. Құтқарушылар үйіндіні конструкцияның құлап кету қаупі болғандықтан қолмен ашқан. Түнгі уақытта іздеу жұмыстары жүргізілген жоқ.
Іздестіру орнын қызметтік ит көрсетіпті.
Еске сала кетейік, 20 наурыз күні Петропавлдағы ЖЭО-дағы үш түтін мұржасының бірі жартылай құлаған болатын. Мұржа қазандық цехының аумағында құлап түскен. Салдарынан бес қазандықты эксплуатациядан шығаруға тура келді.
Сондай-ақ Петропавлда ЖЭО директорлар кеңесінің төрағасы мен бас инженерінің ұсталғаны туралы жазған болатынбыз.