Петропавлда темір құрсауда қалған қыз бала құтқарылды

Оқиға салдарынан қыз бала зардап шекпеген, оған медициналық көмек қажет болмаған.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Кеше 2026, 23:27
Кеше 2026, 23:27
108
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Петропавл қаласында ойын кезінде 13 жастағы қыз бала аяғын темір арматураның арасына қыстырып алып, өздігінен шыға алмай қалған. Оқиғаны көрген куәгерлер бірден құтқарушыларға хабар берген.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері жағдайды бағалап, арнайы авариялық-құтқару құралдарының көмегімен металл шыбықтарды абайлап ажыратқан. Нәтижесінде қыз баланың аяғы қауіпсіз түрде босатылды.

Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында көмек қысқа уақыт ішінде көрсетілді. Оқиға салдарынан қыз бала зардап шекпеген, оған медициналық көмек қажет болмаған.

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға балалардың ойын кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.

Наверх