Петропавлда РФ азаматтарын госпитальге орналастырып жатыр – фейк

26 Қыркүйек 2022, 14:12
1227
Бөлісу:
Петропавлда РФ азаматтарын госпитальге орналастырып жатыр – фейк

Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Петропавлда Ресей Федерациясынан келген адамдарды COVID-19 жұқтырғандарға арналған госпитальге орналастырып жатқандығы туралы ақпарат тарады, деп хабарлады BAQ.KZ.

 

Бұл шындыққа жанаспайды. Бұл туралы stopfake.kz сайты жазды.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл фейк, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де бұл хабарлама жалған деп мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл мәселе СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Баршаңызды әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі арандатушылық хабарламаларға сенбеуге шақырамыз, – делінген министрліктің хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы