Петропавлда өртке байланысты эвакуациялық пункт ашылды

8 Мамыр 2023, 02:24
1238
Бөлісу:
Петропавлда өртке байланысты эвакуациялық пункт ашылды
Фото: 24.kz

Қырықтан астам адам қауіпсіз жерге көшіріліп, уақытша мектепке жайғасты. Ал зардап шеккен бір тұрғын қазір ауруханда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар департаменті берген ресми ақпаратқа сәйкес, кешке тұтанған өрт түн ауа әрең сөндірілді.

Қала шетіндегі «Береке» ықшам ауданында қамыс өртеніп, шеткі көшедегі үйлерге жайылған. Ресми ақпарат бойынша, 9 үй жанып кетті. Оның екеуі бос тұрған.

Қамыстың жануынан 9 үй жанып кетті. Екеуінде ешкім тұрмайды. Қазір өрт сөндіруге 78 адам жұмыс істеп жатыр. Өрт әлі оқшауланған жоқ. Осы оқиғаға байланысты жедел штаб құрылды. Сонымен қатар осы маңдағы 25 мектептк эвакуациялық пункт ашылды. Зардап шеккен тұрғындар бүгін сонда түнейді, - ТЖД жедел кезекшінің орынбасары Мұса Жақсыбаев.

Өзгелердің жаңалығы