Петропавлда «Көктем -2023» оқу жаттығу жиыны өтті

2 Наурыз 2023, 19:44
1242
Бөлісу:
Петропавлда «Көктем -2023» оқу жаттығу жиыны өтті
Фото: Хабар24

Күн күрт жылынса Петропавл қаласының жеке секторындағы үйлер су астында қалуы мүмкін. Қазір облыс орталығында «Береке», «Жұмысшы кенті» және «Ойқала» аудандарына қар суынан қауіп төніп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Республикалық «Көктем -2023» оқу жатттығу жиыны барысында жауапты мамандар тағы бір мәрте дайындықтарын пысықтады. Қазір аталған аумақтардан жаппай қар шығарылып, арықтар тазартылып жатыр. Бүгінде олардың жалпы ұзындығы -200 шақырымды құрайды. Инертті материалда да дайындалған. 

Өңірде оқу –жаттығу жиынына 350 инженерлік техникамен жеке құрамнан 880 адам жұмылдырыған. Арнайы штаб құрылды. Мамандарымыз қауырт маусымға дайын. Петропавл қаласы бойынша электронды карта әзірленді. Сол арқылы біз қауіпті аймақтарды бақылап отырамыз, - дейді облыстық ТЖД басшысы Рамиль Қамалов.

Облыс орталығында бірнеше бөгет бар. 

Олар көбіне Есіл өзіні бойында орналасқан. Жылда оларды тексеріп тұрамыз. Қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірлеп жатырмыз. Артынша оны төтенше жағдайлар минисиртлігіне жолдаймыз, - дейді  қала әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіров.

Өзгелердің жаңалығы