Петропавлда карантин күшейтіледі

2 Шілде 2021, 23:25
1743
Бөлісу:
Петропавлда карантин күшейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы «сары» аймаққа өтті. Сол себепті өңірде карантиндік шаралар күшейтілді.

Жергілікті мемлекеттік бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы бойынша дүйсенбіден бастап жабық ғимараттардағы боулинг, бильярд, банкет залдары мен балалардың ойын алаңдары жабылады. Балабақшаларда тек кезекші топтар жұмыс істейді. Өңірде ауру жұқтырған адам саны артып барады. Қазір 160 науқас қолдан дем беру аппаратында жатыр. Облыс бойынша вакцинаның бірінші компонентін 130 мың адам алған.

Аурудың өсуі республика аумағында дельта штамының айналымы мен сондай-ақ халықтың карантиндік шараларды сақтау жөніндегі тәртібінің төмендеуіне байланысты. Коронавирустық инфекцияның науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР скринингінің нәтижиелері бойынша 4 үлгіден дельта штамы немесе үнді штамы мутацияның анықталғаны байқалады, – деді облыстық СЭБ  департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.
Өзгелердің жаңалығы