Петропавлда интернет алаяқтарға қарсы күрес акциясы өтіп жатыр

13 Қараша 2020, 15:49
1893
Бөлісу:
Петропавлда интернет алаяқтарға қарсы күрес акциясы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда интернет алаяқтарға қарсы күрес акциясы кезінде бір мезгілде 132 полиция қызметкері қала көшелерін аралады, деп хабарлады Polisia.kz. 

Интернет алаяқтар аңғал адамдардан ақша алу үшін түрлі әрекетке барады. Желідегі алаяқтар түрлі тәсілдерге машықтанған. Желіде ақша аудару және төлем жүргізу кезінде аса қырағы әрі абай болған жөн. Петропавл қаласы Полиция басқармасының 132 қызметкері интернет алаяқтық жасаудың жаңа тәсілдерінің нақты алдын алу мақсатында бір мезгілде қала көшелеріне шықты. Жедел уәкілдер, тергеушілер, криминалистер, учаскелік инспекторлар, ювеналдық полиция, әкімшілік полиция және басқа да бөліністердің қызметкерлері 67 бағытқа бөлінді. Үш сағаттың ішінде сауда үйлері, дүкендер, дәріханалар, аулалар тексерілді. 

Полицейлер санитарлық нормаларды сақтай отырып, қала тұрғындарына интернет алаяқтық профилактикасы тақырыбында көрнекі ақпараттар таратты. Халық көп жүретін жерлерге парақшалар жапсырылды. Төмен бағамен жарнамадағы хабарландырулар мен әлеуметтік желілер арқылы құнды тауарларды сату, сондай-ақ күмәнді жағдайда онлайн несиелеу –осындай сценарийлерді алаяқтардың қолдануынан, СҚО тұрғындары желідегі қулардың арбауына алданып, жиі құрбанына айналып жатады. СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша, жыл басынан облыста 300-ден астам интернет алаяқтық тіркелген. Полицейлер қазіргі уақытта цифрландырудағы басты қағидаларды халыққа жеткізу маңызды екендігін атап өтті. 


Онлайн-банкингтегі жеке кабинетте және әлеуметтік желілердегі аккаунтарыңызға күрделі құпия сөздерді орнатуды, оларды жиі ауыстырып отыруды әдетке айналдыру, сонымен қатар жеке деректеріңізді ешкімге айтпаған жөн; мессенджер арқылы құжаттардың суретін жібермеу; интернетте қаржылық операцияларды жасау кезінде аса сақ болу маңызды, – дейді Руслан Назаров. 

Егер алаяқтардың құрбанына айналған жағдайда, бірден полицияға хабарласу қажет. Полиция уақтылы полицияға жүгіну қылмыстың ізін суытпай ашылуына септігін тигізетінін айтады.

Өзгелердің жаңалығы