Петропавлда алкоголь шығаратын жасырын цех анықталды

20 Қыркүйек 2022, 20:42
954
Бөлісу:
Петропавлда алкоголь шығаратын жасырын цех анықталды

Петропавлда антисанитарлық жағдайда алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цех анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қаласында алкоголь өнімдерін өндіру бойынша жасырын цех қызметінің жолын кесті.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында антисанитариялық жағдайда суррогат спиртін облыс аумағындағы сауда нүктелері арқылы сату үшін қаланың өнеркәсіптік аймағы аумағындағы қойма үй-жайы жойылды. 

Тексеру барысында көлемі 16 мың литрден астам пластикалық ыдыстардағы спирт және құрамында спирт бар сұйықтық, сондай-ақ суррогат спиртін пластикалық ыдыстарға құюға арналған құрылғылар алынды.

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы