Петропавл қаласында алимент төлемеушілер үшін "Бос орындар жәрмеңкесі" өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Петропавл қаласы прокуратурасының бастамасымен 2024 жылғы 24 мамырда "Бос орындар жәрмеңкесі" өткізілді.
Оның мақсаты - алимент бойынша борышкерлер мен пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру. Іс-шара қорытындысы бойынша 15 адам жұмысқа орналастырылды.
Жалпы биылғы жылы прокуратураның үйлестіруімен 154 адам жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар прокуратураның бақылауында алимент төлеуден жалтарған 62 борышкер бар.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 21 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 2 адамға қатысты жәбірленушімен татуласуға байланысты қылмыстық істер тоқтатылды.
Бұдан басқа, Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен 1 борышкер 1 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындаумен сотталды. Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмау үшін борышкерлерді алимент бойынша берешекті уақтылы өтеуге шақырамыз, - деп ескертті Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.