Петропавлда алапат өрт болды

27 Ақпан 2024, 05:12
365
Бөлісу:
Петропавлда алапат өрт болды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Петропавлдағы "Айман" автосервис орталығында алапат өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ таратқан ақпаратқа сәйкес, өртті сөндіруге СҚО облысының ТЖД жеке құрамның 64 адамы мен 14 бірлік техникасы жұмылдырылған.

Өрт сағат 00.07 оқшауланды. Өрттің алдын ала аумағы 370 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіру кезінде ғимараттан 6 автокөлік эвакуацияланды, - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ оқиға орнына СҚО ТЖД бастығы Ерік Сарыбаев пен өрт сөндіру қызметінің бастығы Нұрлан Нүкішевтің қатысуымен өртті сөндіруге арналған штаб жұмылдырылғаны белгілі болды.

Бұған дейін Абай облысында жеке тұрғын үй өртеніп, бір адамның денесі табылғанын жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы