Петропавл полицейлері дәрігерлердің көмегіне мұқтаж екі әйелге көмектесті

14 Маусым 2021, 19:35
3348
Бөлісу:
Петропавл полицейлері дәрігерлердің көмегіне мұқтаж екі әйелге көмектесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкері Серік Қанафин «Оңтүстік» бекетінде қызметте болады. Шамамен сағат 14-те  бекеттің маңына «Петропавл – Явленка» бағытымен жүретін автобус тоқтайды. Жүргізуші және жолаушылар автобустан екіқабат әйелді, соңынан заттарын шығарады. Полиция лейтенанты Канафин бірден мән-жайды түсініп, көлікке асығады.

Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады. 

Мен әйелді көлікке отырғызып, қалаға бет алдым, - дейді ол. - Әйел сөзге шамасы келмей, тек уақытынан бұрын босанатынын айтып үлгерді. Мен патрульдік полицияда 2010 жылдан қызмет етемін, алайда, бұндай жағдайға алғаш рет тап болып отырмын. Қобалжыдым. Баланың тууы туралы барлық білетінімді есік алып, жарқылдауық маяктарды, сиренаны қосып жылдам жүріп отырдым... 

Қуанышына орай, полиция лейтенанты тек жүргізуші ретінде ғана көмектесті. Қызды мамандарға тапсырып, өзі қызмет өткеру орнына оралған. Келесі күні кезекші бөлімнен Перинаталдық орталыққа қоңырау шалып, әйелдің аман-есен ұл босанғанын біледі. Патрульдік полицейлер сәбиге және анасына мықты денсаулық пен зор бақыт тілейді.

Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жылдам әрі батыл қадамдарды талап ететін күтпеген жағдайларға тап болып жатады, - деді СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Назаров. -  Петропавлда жалғыз басты ана қиын жағдайға тап болады. Екі білімі болса да, «эпилепсия» диагнозынан жұмыс таба алмайды. Тұрғын үйдің ақысын төлеумен қиындықтар туындаған. Учаскелік полиция инспекторлары және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының қызметкерлері қызды Дағдарыс орталығына уақытша орналастыруға келісіп, қол ұшын созған. Үрей мен қорқыныштан ол қалалық полиция басқармасының қасында эпилепсия ұстамасына ұшырайды. Дәрігерлер келгенше, жақын маңдағы адамдар мен полицейлер оған көмек көрсеткен.

Көп ұзамай полицейлер қыз бен сәбиді Дағдарыс орталығына жеткізді. 

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобы қызметкерлерінің айтуынша, ол жерде оны жұмысқа орналастыру мәселесін қарастыруда.


Өзгелердің жаңалығы