Петропавлда балтамен соққыдан зардап шеккен мектеп оқушылары жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов Оқу-ағарту министрлігінің Facebook парақшасындағы қауіпсіздік мәселесіне қатысты қткен онлайн отырыста мәлімдеді.
Екі баланың жағдайы қанағаттанарлық. Мектеп әкімшілігі жедел жұмыс істеп, жедел жәрдем шақырған. Сондай-ақ дабыл түймесі басқан. Сөйтіп үш минуттың ішінде мектепке күзет мекемесінің кезекші тобы келген. Мектеп дәрігері алғашқы медициналық көмек көрсетті, - деді Марат Тасмағанбетов.
Кеше, яғни 13 ақпанда Петропавлдағы №4 орта мектептің оқушысы мектепкеасхана балтасымен келіп, үш оқушыны жарақаттады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бүгін Үкімет отырысында Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев оқиғаның мән-жайын айтты.
Сонымен бірге Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов Петропавл мектебіндегі жағдайдың күрделі екенін айтып, министрліктерге тапсырма берген болатын.