Перзентханаға жетіп үлгермеген аяғы ауыр келіншек көшеде босанды

16 Маусым 2021, 00:15
1479
Бөлісу:
Перзентханаға жетіп үлгермеген аяғы ауыр келіншек көшеде босанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда аяқ астынан толғағы келген келіншек перзентханаға жетіп үлгермей, көшеде босанып қалды.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, келіншектің көшеде босанып қалуына медициналық көмекке уақтылы жүгінбегені себеп болған.
Алматылық әйел өз уақытында медициналық көмекке жүгінбеді. Жағдайына мән бермеген. Жедел жәрдем қызметімен олар ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ана мен нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады, – деп хабарлады ведомстводан.
Қуантарлығы, қалалық №16 емхананың акушер-гинекологы келіншектің толғағы келген уақытта сол маңнан өтіп бара жатқан. Ол дер кезінде көмекке келіп, баланы аман-есен босандырып алды.
Өзгелердің жаңалығы