Перудің экс-президенті экстрадицияланды

24 Сәуір 2023, 10:48
553
Бөлісу:
Перудің экс-президенті экстрадицияланды
Фото: zerkalo.az

Перудің бұрынғы президенті Алехандро Толедо АҚШ-тан экстрадицияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Хабар24 жазды. Ол отанына оралып, сол жерде сот үкімін күтеді. Бұрынғы мемлекет басшысына сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айып тағылған. Полицияның мәлімдеуінше, тексеру нәтижесінде 77 жастағы саясаткер бразилиялық құрылыс компаниясынан миллиондаған доллар пара алғанын анықтаған. 

Бірақ Толедо өз кәнісін мойындамай, өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр. Толедоның жақтастары полиция ғимаратының жанына жиналып, әділ тергеу өткізуді талап етті. 

Біз Алехандро Толедо үшін әділеттілікті қалаймыз. Оның ісін бақылап, тергеудің дұрыс өтуін қадағалап отырмыз. Соған қарамастан, ол қамауға алынып, диктаторлық Үкімет өз білгенін істеп жатыр, - дейді оның жақтастары.

Өзгелердің жаңалығы