Амазон өңірінде роботтар ормандарды қалпына келтіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олар қашықтан басқарылады. Күн энергиясынан қуат алатын құлтемірлер бір сағатта үлкен аумаққа ағаш дәнін себе алады. Бұл туралы Хабар24 жазды.
Перудің табиғат жанашырлары Амазонды қалпына келтіру үшін Швецияның роботехникалық компаниясынан көмек сұрады. Еуропалық компания бірден келіскен. Роботтары ағаш дәнін себеді. Күн батареяларымен жабдықталған құлтемірлер бір күнде 600 түп ағаш еге алады.
Перуде 80 миллион гектар орман бар. Оны қалпына келтіруге ондаған, тіпті жүздеген жыл керек. Заңсыз орман отаудың кесірінен бұл аймаққа зор зиян келген. 2022 жылы Амазонда әр минут сайын 3 футбол алаңымен шамалас орман кесілген. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен пайдалы қазбаларды игеру де кері әсерін тигізіп отыр. Перу билігі орманды қорғауға байырғы халықтарды тарта бастады, - Амазон өңірін зерттеу институтының өкілі Денис Торрес.