Мұндай пікірді Мәжіліс депутаты Азат Перуашев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутат Азат Перуашев елордадағы №66 мектепте ашылған №165 референдум учаскесінде таңдау жасады.
Бүгін менің ойымша, энергетикамыз, экономикамыздың тағдырын шешетін күн. Себебі “біз әрі қарай да бүкіл өркениетті мемлекетпен бірге алға қарай қадам басамыз ба әлде “тас дәуірінде” қалып кетеміз бе?!” деген сұраққа бүкіл еліміз жауап беруге тиіс, - деді депутат.
Ол референдумға өз таңдауын жасауға жалғыз келгенін және көңіл-күйі тамаша екенін жеткізді.
Сондай-ақ депутат бүгінгі күнді халық қалай қабылдау керегін айтты.
Жалпы бұл референдумның ерекшелігі бар. Біздің көршілеріміз, мысалы, өзбектер осындай мәселерді референдум арқылы емес, билік өзі шешім қабылдады. Ал Президентіміз Жолдауында мұндай ауқымды мәселені халықтың қолына тапсырып, таңдау жасауына шешім қабылдады. Сондықтан бүгін мереке де, әрі жауапты сәт те. Сол себепті азаматтарымызды осы мерекемен, референдуммен құттықтағым келеді. Екіншіден, референдумға шығарған сұраққа жауапты көзқараспен қарауды өтінемін, - деді депутат Перуашев.
Бұған дейін дәл осы референдум учаскесінде Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров та референдумға шығарылған сұраққа “иә” не “жоқ” деп, өз таңдауын жасаған болатын.
Еске сала кетейік, №165 референдум учаскесі жұмысын таңғы сағат 7:00-де бастады. Учаске өз жұмысын кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғастырады.