Анықтама

Құдайбергенов Димаш Қанатұлы

2282

Құдайбергенов Димаш (Дінмұхаммед) Қанатұлы: Эстрада әншісі 


Әлеуметтік желіде: https://www.instagram.com/kudaibergenov.dimash/?hl=ru

Туған жылы: 1994 жылдың 24 мамыры

Туған жері: Ақтөбе қаласы

Білімі: 2014 жылы Димаш Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән орындау сыныбын тәмамдаған

Қазақ Ұлттық өнер университетінің “эстрада өнері” факультетінің студенті


Ол ең алғаш рет көрермендер алдына екі жасында шығып, сахналық қойылымда эпизодтық рөлде ойнаған. Димаш бойындағы талантын дамытуға өзінің ата-әжесі ықпал еткенін айтады. Атасы кішкентайынан домбыра тартуды үйреткен. Ал, әжесі мұның музыка мектебіне баруына себепші болыпты. Димаштың ата-анасы – қазақ эстрадасындағы жарасымды жұптардың бірі – Қанат және Света Айтбаевтар. Қазақтың тұңғыш баланы үлкендердің бауырына басатын игі дәстүрі бұл отбасында да көрініс тапқан.


Бес жасында музыкалық колледж сахнасында алғаш әнші ретінде ән салған. Алты жасында “Айналайын” республикалық байқауының “Фортепиано” номинациясында жеңімпаз атанған.


2010 жылы “Байқонырдың Әсем дауыстары” Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды.


2012 жылы “Жас қанат” Республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болып, осы жылы “Восточный базар” Халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атанды. 


2013 жылы Димаш Құдайберген “Мейкин Азия” І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болды.


Сонымен қатар Димаш Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар “Славян базары-2015” байқауында Гран-при жеңіп алған. Екі күн ішінде жас әнші 175 ұпай жинаған. Бірінші күні ол Константин Меладзе композиторінің “Опять метель” әнін, ал екінші күні Француз әншісі Грегори Лемаршаль репертуарынан алынған “Sos dun terien un detresse” әнін орындады.


2015 жылы 28 қазан күні Ыстанбұлда “Abu TV” Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінда Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты.


Димаш серб, итальян, француз, ағылшын, орыс тағы басқа тілдерде ән орындайды.


Димаш Құдайбергенов Қытайдың I am a singer (Мен әншімін) телебайқауына қатысып, сайыстың бірінші күнінде қазылар алқасы тарапынан ең жоғарғы ұпай жинап, жеңімпаз атанды.


2018 жылдың 28 қаңтары Қытайдағы Жаһандық алтын марапаттау рәсімінде «Үздік суретші» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.


2018 жылдың 24 мамырында Димаш Құдайбергеннің ағылшын тіліндегі "Screaming" атты әнінің бейнебаяны жарыққа шықты. Əннің композиторы Muhgal осы күнге дейін Rihanna, Usher, Cherul Fermandes - Versini, Shakira, Ne-Yo, Avisi сынды əншілерге əндер жазған.


«Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталған

Бөлісу: