Пенжім ауылының тұрғындары мен билік өкілдері бұзақылықтың неден шыққанын талқылады

28 Қазан 2021, 18:28
26474
Бөлісу:
Пенжім ауылының тұрғындары мен билік өкілдері бұзақылықтың неден шыққанын талқылады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Пенжім ауылында болған бұзақылықтан кейін билік өкілдері мен ауыл тұрғындары басқосып, кешегі жағдайды талқылады.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов, Алматы облыстық Полиция департаментінің Панфилов аудандық полиция бөлімінің бастығы Жандос Асылбекұлы және Панфилов ауданының әкімі Талғат Өмірәлиев ауыл тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ кездесуге қоғам қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында 27 қазанда Пенжім ауылында болған жастардың бұзақылығы талқыланды.

Мен мұнда түні бойы болдым. Жастардың жауапсыз әрекетін көрдім. Олар мектеп жанжалын өршітіп, жергілікті тұрғындарға зиян келтірді. Мен ақсақалдарды, жергілікті тұрғындарды балаларды бір-бірін құрметтеуге үйретуге шақырғым келеді. Сіздер өмір бойы осы жерде тұрасыздар. Бір-біріңізіге дос, көрші, бауыр, әріптессіздер. Сіздер қуаныш пен қайғы-қасіретті бірге бөлісесіз. Осы құндылықтардың барлығын балаларыңызға жеткізулеріңіз керек, - деді Панфилов ауданының әкімі Талғат Өмірәлиев.

Жиын барысында ауыл тұрғындары да сөз алып, бір-бірін құрметтеуге шақырды.

Жастар - елдің болашағы. Біз олардың тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек. Мұндай жағдайлар арқылы бүкіл елдің көңілінде бізге қатысты теріс пікір туындайды. Дегенменде, айтқым келгені бұл ұлтаралық қақтығыс емес. Осындай жағдайдың орын алуы өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі олқылықтардың көрінісі деп білемін. Оқиғаны өрбітудің қажеті жоқ. Кей адамдар осы жайытты теріс мағынада қолданады. Олар кешегі кездейсоқ өрт сол оқиғаның нәтижесі сияқты көрсетуге тырысты. Бірақ бұл олай емес және сіздер бәрін білесіздер. Бір-бірімізді құрметтейік. Біздің елімізде, жерімізде бір, - деді Пенжім ауылының тұрғыны Аутжан Хамраев.

Өз кезегінде Панфилов аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Жандос Қалиев бұл іс бойынша 106-бап 1-тармақ бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Сөзге келіспегендіктен мектеп оқушылары арасында төбелес болды, бұл бұзақылыққа ықпал етті. Кейбір адамдар жағдайдың мәнін түсінбей, ауылда бұзақылық жасай бастады, бұл осындай дүрлігуге әкелді, - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми өкілі Майя Бекбаева жаппай төбелес оқиғасына қатысты пікір білдірді.

Этносаралық негізде ауыл тұрғындары арасында қандай да бір қақтығыстар, тіпті одан да көп қақтығыстар жоқ, болған жоқ және болмайды да.Жергілікті тұрғындар-қазақтар да, ұйғырлар да көп жылдар бойы бірге тұрады, достары мен көршілері болып табылады, олардың барлығы шын жүректен бейбітшілік пен тыныштықты қалайды, – деп мәлімдеді ҚХА өкілі.

Өзгелердің жаңалығы