Пентагонды алғаш рет афроамерикалық азамат басқарады

23 Қаңтар 2021, 07:20
1617
Бөлісу:
Пентагонды алғаш рет афроамерикалық азамат басқарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ Сенаты президент Джо Байден Қорғаныс министрі лауазымына ұсынған Ллойд Остиннің кандидатурасын бекітті.

Осылайша, отставкадағы генерал Л.Остин Пентагонға басшылық жасайтын АҚШ тарихындағы алғашқы афроамерикалық азамат болып отыр. Жұма күні таңертең сенаторлар оны Америка Қорғаныс министрі қызметіне бекітті. 

Л.Остин бұған дейін Тауя Шығыста және Оңтүстік Азияда америка әскеріне басшылық еткен. Оны жаңа лауазымға тағайындау үшін Конгресстен арнайы рұқсат қажет болған. Себебі, ережеге сәйкес, бұрынғы әскери қызметшілер қарулы күштерден кеткеннен кейін 7 жыл толмай тұрып азаматтық лауазымдарға тағайындала алмайды. Өкілдер палатасы мен Сенат бұл ережеден ауытқу мүмкіндігін дауысқа салған. Нәтижесінде отставкадағы генерал көптеген демократтардың және республикалықтардың қолдауына ие болған. 

Оның кандидатурасы үшін 100 сенатордың 90-ы дауыс берді. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Әсел Робертс (Төленова) есімді қазақ қызы АҚШ президенті протоколы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. 

Сондай-ақ, елдің вице-президенті қызметіне Камала Харрис тағайындалды. Ол Америка вице-президенті лауазымына келген алғашқы әйел әрі алғашқы қара нәсілді азамат болып отыр. 

АҚШ-тың 46-президенті Джо Байден қызметіне ресми түрде 20 қаңтар күні кірісті.


Өзгелердің жаңалығы