Пентагон НЛО-ға қатысты жаңа құжаттарды жариялады

Жарияланған материалдар арасында видеолар, фотолар және куәгерлердің мәлімдемелері бар.

 Anadolu Agency Бүгiн 2026, 20:55
Бүгiн 2026, 20:55
173
Фото: Anadolu Agency

Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрлігі – Пентагон «белгісіз ұшатын нысандарға» (UFO) және «анықталмаған әуе құбылыстарына» (UAP) қатысты жаңа құжаттарды жариялады.

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, бұл материалдар АҚШ президенті Дональд Трамптың тапсырмасымен UFO мен UAP туралы құжаттарды құпиясыздандыру және жариялау процесі басталғаннан кейін жарыққа шыққан.

war.gov/UFO/ сайтында ондаған видео, фотосурет, куәгерлердің мәлімдемелері, сондай-ақ әскери және азаматтық тұлғалардың көрсетулері, тергеу жазбалары мен ресми есептер жарияланған.

Жарияланған видеолардың бірінде 2019 жылы Парсы шығанағы үстінде түсірілген үш нысан көрсетілген. Олар АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) жауапкершілік аймағында әрекет еткен америкалық әскери платформаның инфрақызыл сенсоры арқылы тіркелген.

Ал 2022 жылға тиесілі тағы бір видеода Иран жағалауы маңындағы кемелердің жанынан ұшып өткен төрт белгісіз нысан бейнеленген.

Наверх