Енді педофилдер өмір бойы бас бостандығынан айырылады

30 Желтоқсан 2019, 13:16
10300
Бөлісу:
Енді педофилдер өмір бойы бас бостандығынан айырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов еліміздегі қылмыстылық ахуалы туралы, сондай-ақ қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру бойынша ҚР Заңын негізгі новеллалары және адамның құқықтарын қорғауды күшейту туралы айтып берді.

Оның айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енгізілген қылмыстық заңнамаға сәйкес, зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері орташадан ауыр санатқа ауыстырылды. Жаза көлемі – 5 жылдан 8 жылға дейін. 

Бізде бұрын зорлау орташа санаттағы қылмыс болып саналды, бұл татуласуға мүмкіндік берді және кей кезде іс сотқа келмей жатып аяқталатын. Қазір олар ауыр қылмыстар қатарына ауыстырылады, сондықтан олар бойынша қайталанған қылмыстар үшін татуласу болмайды, - деді Марат Ахметжанов. 
Оның сөзінше, жас балаға қатысты зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасағаны үшін 20 жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға жауаптылық көзделген. Жас балаларды өлтіргені үшін де осындай жаза қарастырылған.

Енді педофилия фактілерін хабарламағаны, жасырғаны және бұрмалағаны үшін жазаның ең жоғары мерзімі 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды.

Айта кетейік, 2018 жылғы 1 қаңтардан бері кәмелетке толмаған жас балаларды зорлаған қылмыскерлерге химиялық кастрация жасау шарасын қолдану заңнамасы күшіне енді. ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының міндетін атқарушы, әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков педофилдерге кастрация қалай жасалатынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы