Педофилдерді электрондық бақылау құралдары қолданылады - ІІМ

6 Қыркүйек 2021, 11:39
4411
Бөлісу:
Педофилдерді электрондық бақылау құралдары қолданылады - ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз дәстүрлі брифинг барысында айтты.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ведомствоның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшыларымен бейнеконференцбайланыс режимінде жедел кеңес өткізді, онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын сапалы және уақтылы іске асыру үшін бірқатар міндетті белгіледі. Кеңесте Мемлекет басшысы Жолдауда елдегі тұрақтылықты, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге ерекше назар аударып, бірқатар нақты тапсырма бергені айтылды, - деді Нұрділдә Ораз.

Ол атап өтендей, министрліктің ерекше бақылауында - балаларға қарсы жыныстық қылмыстардың алдын алу және жолын кесу.

Соңғы жылдары педофилдердің полицияның бақылауында болу шарттары едәуір күшейтілді: олар жазасын қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемелерінде өтеп жатыр. Сонымен қатар тараптарды татуластыруға, шартты түрде соттауға, жазаны неғұрлым жұмсақ түрге ауыстыруға, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды.Қызметтер мен бөлімшелердің басшыларына министр кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарға қарсы іс-қимылдың қосымша шараларын белгіледі, - деді ол.

Нұрділдә Ораз бұлар әкімшілік қадағалауды күшейту және жазасын өтеген педофилдерге қатысты электрондық бақылау құралдарын қолдану екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы