Педагогтерге арналған "Қашықтан оқытуды үйренемін" атты тегін онлайн-курс басталады

21 Шілде 2020, 11:51
4691
Бөлісу:
Педагогтерге арналған "Қашықтан оқытуды үйренемін" атты тегін онлайн-курс басталады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің педагогтеріне арналған "Қашықтан оқытуды үйренемін" атты тегін онлайн-курс басталады. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Онлайн-курс еліміздің барлық педагогтерін кезең-кезеңмен оқытуды қамтитын кестеге сәйкес ұйымдастырылады. Әрбір мұғалім, оның ішінде жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарында оқитын студенттері де жылдың соңына дейін осы курстан тегін өту мүмкіндігіне ие болады.

Онлайн-курс бағдарламасы интернет-сервистермен жұмыс істеу дағдыларын үйретуге бағытталған. Басты назар онлайн-сабақтарды жоспарлау мен тарату, виртуалды мұғалімдер кабинетінде жұмыс істеу, қазақстандық білім беру платформаларында оқушылармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істеуді ұйымдастыру дағдыларына, сонымен қатар, қашықтан оқыту форматының әдіснамасына, жаңа оқыту жағдайында бағалауға аударылатын болады, - делінген хабарламада. 
Бұл курс қатысушылардың білім алуда өз бетімен уақыт және жылдамдықты таңдай алуы үшін бейсинхронды форматта өтеді.

Курс 18 мыңнан астам мектеп басшысы мен мұғалімнің онлайн сауалнамасы бойынша, сондай-ақ, өткен оқу жылының 4-тоқсанындағы 300-ден аса онлайн сабақты бақылаудағы зерттеу нәтижесінде әзірленді.


Өзгелердің жаңалығы