Педагогтарды цифрлық оқыту қалай жүзеге асырылады?

3 Тамыз 2021, 12:54
3440
Бөлісу:
Педагогтарды цифрлық оқыту қалай жүзеге асырылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте «Өрлеу» БАҰО» АҚ Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Ержан Тілеубергенов айтты. 

Қазақстандық педагогтарға цифрлық оқыту туралы курстарды әзірлемес бұрын, 7 мың мектептің 300 мың мұғалімінен сауалнама алдық. Оның нәтижесінде маңызды мәселелерді талдап, осы курсты талдап, БҒМ-мен келістік. Осы бағдарлама аясында мамырда министрдің тапсырмасы бойынша оқу жылының алдында өткізетін болдық, - деді ол.

Тілеубергенов айтқандай, бұл курсты дайындау барысында шетелдік мамандардың да пікірі ескерілген.

 

Бізге кері байланыс та келіп жатыр. Курсты тақырыбы мен мазмұны жағынан жақсы деп мақтап жатыр. Қазір тіркелген 6 мың педагог бар. Call-орталыққа жүздеген сұрақтар келіп түсіп жатыр, - деді ол.

 

Өзгелердің жаңалығы