"Педагогикалық идеялар панорамасы-2024" республикалық конкурсы басталды

25 Сәуір 2024, 18:05
272
Бөлісу:
"Педагогикалық идеялар панорамасы-2024" республикалық конкурсы басталды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдары үшін «Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсының өңірлік кезеңі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Конкурс мақсаты – пәнаралық негізде білім алушылардың ерте/функционалдық сауаттылығын дамыту саласында педагогтердің өзара қарым-қатынасының заманауи педагогикалық тәжірибесі мен үздік практикаларын тарату және танымал ету.

Педагогикалық идеялар панорамасы» – бұл еліміздің барлық өңірлерінің педагогтері инновациялық идеяларды ұсынатын, тәжірибе алмасатын және жаңа практикаларды игеретін сараптамалық алаң. Конкурс цифрлық технологияларды белсенді қолданумен ерекшеленеді. Бұл өз кезегінде педагогтердің IT-құзыреттілік деңгейіне оң әсер етеді. Биыл «Педагогикалық идеялар панорамасы» 5-ші рет өтеді, педагогтердің конкурсқа қызығушылығы жыл сайын артып келеді, – дейді «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы Еламан Айбульдинов.

Конкурстың өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдер https://ppi.orleu-edu.kz сайтында 24 сәуір–15 қазан аралығында қабылданады.

Қосымша ақпарат алу үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының облыстық және Шымкент, Алматы, Астана қалаларындағы филиалдарына хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы