ПД: Есірткі қылмысын әдетте басқа қаладан келген жастар жасайды

8 Қараша 2022, 14:05
1040
Бөлісу:
ПД: Есірткі қылмысын әдетте басқа қаладан келген жастар жасайды

Бұл туралы Астана қаласы полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Сергей Ильиных баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, қылмыстық әрекетті көбінесе жастар жасайды. 

Әдетте қылмыстық әрекетті көп жағдайда 17 мен 35 жас аралығындағы жастар жасайды. Олар осында (Астанаға – ред.) жұмыс істеймін деген мақсатпен басқа қаладан келген тұлғалар. Бірақ лайықты жұмыс таппаған соң елорда аумағында есірткі өндіру мен тарату бойынша есірткі қылмысын жасайды, - деп атап өтті Сергей Ильиных.

Белгілі болғандай, Астана аумағында биыл «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы 1 маусым мен 31 қазан аралығында өткізілген болатын. 

Сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметкерлері мақсатты іс-шаралар өткізу үшін жедел топтар құрған. Осы бес ай уақыт ішінде үш жүзден астам қылмыс айқындалды. 

«Қарасора-2022» ЖПШ өткізген кезең аралығында елорда аумағында 358 есірткі қылмысы тіркелді. Заңсыз айналымнан 130 келідей түрлі есірткі заттары алынды. Олардың ішінде марихуана – 54 келі, гашиш – 61 келі және 14 келідей – синтетикалық есірткі анықталды. Есірткі қылмысына қарсы әрекет етуге бағытталған есептік кезеңде есірткі заттарын өткізудің 60 дерегі тіркелді, – деді бөлім басшысы.

Өзгелердің жаңалығы