Павлодарлықтан аса ірі көлемдегі есірткі заттары тәркіленді

18 Ақпан 2022, 21:35
1972
Бөлісу:
Павлодарлықтан аса ірі көлемдегі есірткі заттары тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарлықтан аса ірі көлемдегі есірткі заттары тәркіленді,  деп хабарлайды Polisia.kz. 

Павлодар облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде синтетикалық есірткілерді таратумен айналысқан 29 жастағы павлодарлық ұсталды. Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті есірткіні Павлодар аумағында интернет желісі арқылы белгісіз адамдармен келісіп, жасырын орындарға қойып кету арқылы таратқан.  

Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде ұсталған адамнан тыйым салынған заттардың бір реттік мөлшері салынған 9 қалташа табылып, тәркіленді, оларды шырынның картон қорабына жасырған. Жүргізілген сараптама олардың құрамында аса ірі мөлшерде тыйым салынған есірткі заттары болғанын анықтады: 96 грамнан астам героин және 30 грамм синтетикалық психотроптық заттар. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының  ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті күзетпен ұсталуда, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр. 

Полиция департаменті электронды ақпараттық ресурстар арқылы есірткіні тарату ауыр қылмыстар санатына жататынын ескертеді, оларды жасағаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.
 

Өзгелердің жаңалығы