Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүргізушіге қатысты жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 25 хаттама толтырылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
2021 жылдан бастап 28 жастағы павлодарлыққа жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 25 хаттама толтырылды. ГАЗ автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимін сақтамаған, қауіпсіздік белдігін елемей, жаяу жүргіншілерді өткізбеген.
Қасақана тәртіп бұзушы Нұрмағамбетов пен Қамзин көшелерінің қиылысында ұсталды. Көлік айып тұрағына жеткізілді, - деді полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Жалпы «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасының үш күнінде өңірде борышкерлерден 17 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алынды, айыппұл төлемеген 12 автокөлік айып тұрағына қойылды.