Павлодарлық жоғары оқу орны «Ас болсын» челленджін бастады

14 Ақпан 2022, 19:28
2068
Бөлісу:
Павлодарлық жоғары оқу орны «Ас болсын» челленджін бастады
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Торайғыров университетінің  ұжымы ерекше челленджтің басталуына мұрындық болды. «Ас болсын» акциясы студенттер мен оқытушылардың арасын жақындатуға бағытталған.

Жоғары оқу орнының проректорлары мен оқытушылары топ-топқа бөлініп, студенттер жатақханасына барды. Студенттер үйінің асханасы аспаздардың басын қосқан жарысқа айналды.

Оқытушылардың бір тобы балаларға арнап бешбармақ әзірлесе, екінші тобы қазақтың өзге де ұлттық тағамдарды дайындады. Шара барысында оқытушылар қашықтықтан оқып жүрген студенттермен қауышып, емін-еркін әңгіме құрды. 

Бұл бастаманы профессорлық-оқытушылық құрам көтерді. Екі жыл қатарынан карантиндік шектеу шаралары болып, студенттеріміз қашықтықтан оқыды. Оларды көрмеген күндер де болды. Енді қайта қауышып жатырмыз. Жастар да университет пен оқытушыларды сағынған болар. Ал бұл челлендж арамызды жақындата түседі. Ас әзірлеудің әдіс-тәсілдерімен танысумен қатар, оқу орнының академиялық, ғылыми жүйесі де көбірек біле алады. Оқытушылар жатақхананың өмірімен жақынырақ танысып, өздерінің студенттік шақтарын еске алды деп ойлаймын, - дейді Торайғыров университетінің ректоры Еркін Садықов. 

Павлодарлық жоғары оқу орны «Ас болсын» челленджін бастады

Айналдырған бірнеше сағаттың ішінде оқытушылар қазақ, өзбек, орыс ұлттарының тағамдарын әзірледі. Аспаздық шеберліктерімен қатар, ұйымшылдықтың үлгісін паш етті.

«Ас болсын» челленджі Алматыдағы Сәтбаев университетінің ұжымына берілді. 

 

Өзгелердің жаңалығы