Павлодарлық спортшы велоспорттан Азия кубогында алтын алды

29 Тамыз 2022, 16:58
744
Бөлісу:
Павлодарлық спортшы велоспорттан Азия кубогында алтын алды

Турнир Таиландта өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Павлодарлық тректегі велоспорттан Азия Кубогында екінші медальға ие болды.

Жоғары спорт шеберлігі мектебінің мәліметтері бойынша, Рината Сұлтанова ұпай бойынша топтық жарыстан кейін «алтын»  алған. 

Естеріңізге сала кетейік, турнир 26-30 тамыз аралығында өтеді. Бұған дейін Рината Сұлтанова топтық жарыстан қола медаль алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы