Павлодарлық сотталушалар пет-терапиядан өтті

10 Мамыр 2023, 17:52
946
Бөлісу:
Павлодарлық сотталушалар пет-терапиядан өтті
Фото: автордан

Ертіс өңіріндегі түзеу мекемелері сотталушыларды пет-терапиядан өткізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Психологтардың айтуынша, жануарлардың көмегімен терапия өткізу – бас бостандығынан айырылғандар арасында кеңінен тараған терапия. Көбінесе стресс, депрессияға душар болған адамдарға көмектеседі. Сондықтан, №46 түзеу мекемесіне павлодарлық контактілі зоопарк келді. Шағын зоопрактің құрамында 14 хайуан, нақтырақ айтқанда, жанат, шиншилла, тотықұс және өзге де құс-жануарлар болды. Тіпті, қолға үйретілген бүйелер әкелінді.

Колония бастығының орынбасары Болатбек Тілеубаевтің айтуынша, контактілі зоопракке келгісі келетіндердің саны 300-ге жетті.

Шараға келуге ниет еткендер саны көп болды. Осындай терапияны бірінші рет өткізіп отырмыз. Себебі, жануарлар арнайы топтағы адамдарға, яғни, сотталушыларға жақсы эмоциялар сыйлайды. Бұл жерде ұзақ уақытқа бас бостандығынан айырылғандар баршылық. Нәтиже жақсы деп ойлаймын. Сотталушылардың көңіл-күйлері көтеріліп қалды, - дейді колония бастығының орынбасары Болатбек Тілеубаев.

Зоопрак иелері колония тұрғындарына теңіз доңызы мен атжалманды сыйға тартты. Енді түзеу мекемесінде жануарлар бұрышы пайда болмақ.

Зоопаркімізге түрлі жастағы азаматтар келді. Жануарларымызды ұнатып қалды. Сотталушылар бірнеше жануарды қалдыруға ниет білдірген соң, өтініштерінен бас тарта алмадық. Олар жануарларымызды күтіп-баптауға уәде берді», - дейді контактілі зоопарк иесі Виктория Карабельникова.

Өзгелердің жаңалығы