Павлодарлық полицейлер есірткі жасырушы әйелді ұстады

28 Маусым 2023, 20:01
385
Бөлісу:
Павлодарлық полицейлер есірткі жасырушы әйелді ұстады
Фото: egemen.kz

Павлодарлық полицейлер есірткі жасырушы әйелді ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгісіз әйел Павлодар қаласының көшелерінде бір-біріне жақын орналасқан жер учаскелерін фотосуретке түсіріп жүрген. Фотосуреттерді не үшін түсіріп жатқаны туралы сұраққа ол өзіне ұнағанын суретке түсіргенін айтты, бірақ бейнежазбаларды көргенде күдікті есірткі жасырғанын мойындауға мәжбүр болды, –деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.

Айта кетейік, жеке тінту барысында әйелден жалпы салмағы 54,35 грамм болатын 36 орам табылып, тәркіленді, олардың құрамында «альфа-PvP» психотроптық заты бар.

Өзгелердің жаңалығы