Павлодарлық оқушы тоғыз ЖОО-ға шақырту алды

5 Сәуір 2023, 13:15
795
Бөлісу:
Павлодарлық оқушы тоғыз ЖОО-ға шақырту алды
Фото: Жеке мұрағат

Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Амира Артықбаева бірден 9 жоғары оқу орнына шақырту алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Амира Артықбаева Павлодар қаласындағы NIS тарихында «Лига Плюща» университеттерінен шақыру алған алғашқы түлек. Бір жыл АҚШ-та тәжірибе алмасудың нәтижесінде әлемнің ең жақсы университеттерінен шақыртулар алған. Олардың қатарында «Лига Плющаның» Brown University мен Dartmouth, АҚШ-тағы Northwestern University, Williams College, Amherst College, Wellesley College, Colby College, Катардағы Carnegie Mellon Qatar мен Канададағы University of British Columbia бар.

Менің бұл университеттерге түсуім көп жылғы қажырлы еңбегімнің, отбасымның, достарымның, ұстаздарымның қолдауы және пәнаралық ғылымдарды зерттеуге деген құлшынысымның нәтижесі деп білемін. Мен әрбір шақыру үшін өте ризамын және Қазақстанның әлемдік деңгейдегі өкілі болатыныма қуаныштымын, – дейді Амира Артықбаева.

Сондай-ақ, АҚШ-тағы университеттер Амира Артықбаеваға толық қаржылық көмек көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы