Павлодарлық еріктілер Қостанай облысының зардап шеккен тұрғындарына көмек жинап жатыр

4 Қыркүйек 2022, 18:36
1086
Бөлісу:
Павлодарлық еріктілер Қостанай облысының зардап шеккен тұрғындарына көмек жинап жатыр

Қабылдау пункті сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Бірге» өңірлік еріктілер фронт-офисінің ақпараты бойынша, Қостанай облысының өрттен зардап шеккен тұрғындарына гуманитарлық көмек жинау жөніндегі жедел штаб Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 38 мекенжайы бойынша жастар бастамаларын дамыту орталығында орналасқан.

Келіп түскен ақпарат бойынша эвакуацияланған азаматтарға азық-түлік, жеке гигиена құралдары, дәрі-дәрмектер, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, матрастар, көрпелер, жастықтар, су, балалар тағамы, жануарларға арналған азық-түлік қажет, - деді фронт-офисте.

Барлық сұрақтар бойынша Еркебұлан Күнтуғанға 7 (747) 668 25 08 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы