Павлодарлық емханалар көмек көрсетудің сервистік моделіне көшуде

4 Ақпан 2022, 14:54
1487
Бөлісу:
Павлодарлық емханалар көмек көрсетудің сервистік моделіне көшуде
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында эпидемиологиялық жағдай күрделеніп келеді. Сала мамандарының мәліметінше, өңірдегі емханаларда амбулаторлық емдеуде алты мыңнан астам науқас бар. Оған қоса медициналық ұйымдарда ұзын-сонар кезек қалыптасқан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының мәліметінше, қазіргі уақытта стационарлық емдеуде 940 адам жатыр. Ал инфекциялық төсек-оорындардың 55%-ы толық. 

Емдеу мекемелерінің барлығында оттегі жабдықтары жетерлік. Абулаториялық деңгейде 100-ге жуық мобильді топ күнбе күн жұмысқа шығады. Жүктеме артса, олардың санын 156-ға дейін арттыруға болады. Бүгінгі таңда бригадалар тәулігіне мыңға жуық шақырту алып жатыр. Науқастарға үй жағдайында қызмет көрсетілуде. Ал стационарларда дәрі-дәрмектің 45 күндік қоры бар, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов. 

Мәселен, облыс орталығындағы модульдік орталық 200 орынға шақталған. Қазіргі уақытта 20 адамға шақталған жансақтау бөлімі толық. Бөлім меңгерушісі Александр Родителевтің айтуынша, дәрігерлердің жүктемесі жыл басынан бері ауырлай түскен. 

Осы тектес жағдайлар болған. Жансақтау бөлімі толып, жұмысымыз күрделенді. Қазіргі уақытта инфекциялық аураханада ем алып жатқандардың көбі - егде жастағылар. Науқастардың ең жасы - 56-да. Көбінің созылмалы аурулары бар. Олардың барлығына ерекше күтім керек, - дейді реаниматолог.

Облыс емханаларындағы ұзын-сонар кезектердің азайту мақсатында медбикелік бекеттер іск еқосылды. Жаңашылдық әзірге бірнеше пилоттық режимде іске қосылды. Мақсат – дәрігердің қаралуын қажет етпейтін азаматтарға шұғыл көмек көрсету. Сонымен қатар колл-орталықтардың жұмысы жанданды. Өңірде жіті репираторлық вирустық инфекциялардың таралу маусымы барысында емханаларға келетін халық саны күрт артады. Бүгінде екі мыңнан астам павлодарлықтарға осындай диагноз қойылған. 

Мамандар соңғы кезеңде коронавирустық инфекцияның балалар арасында да таралуы байқалады. Мәселен, облыс бойынша 820 бала ауырып жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы