Павлодарлық азамат 149 келі балықты заңсыз тасымалдаған

11 Наурыз 2023, 16:24
689
Бөлісу:
Павлодарлық азамат 149 келі балықты заңсыз тасымалдаған
Фото: Polisia.kz

149 келі балықты заңсыз тасымалдаған павлодарлық азамат анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, облыстағы Жұмыскер ауылдық округінің дала аймағында Mitsubishi Montero автокөлігі тоқтатылды. 

Көліктің салонында рұқсат құжаттары жоқ жалпы салмағы 149 келі 5 қап «карась» балығы табылды. Қарасор көлінің жанында балық аулаған, - делінген хабарламада. 

40 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 383-бабы 3-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Өзгелердің жаңалығы