Павлодарлық полицейлер жаппай екпе салдыртуда

5 Сәуір 2021, 19:16
1287
Бөлісу:
Павлодарлық полицейлер жаппай екпе салдыртуда
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысының полицейлері өз еріктерімен COVID-19-ға қарсы екпе ала бастады. 

Тәртіп сақшылары халықпен үздіксіз қарым-қатынаста болатындықтан, вакцина салу шараларын орталықтандырылған негізде жүргізу туралы шешім қабылданды. Полицейлер бір медициналық орталықта препараттың алғашқы компонентін қабылдады. 

Бүгінгі күнге дейін 250-ге жуық маман вакцина алды. 

Облыстық полиция департаменті жанындағы госпитальдің бастығы Ерлан Шәріповтың айтуынша, төрт күн ішінде 205 маман екпе сладыртты. Бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз жүргізілуде.

Қызметкерлер мамыр айының соңына дейін вакцинаның екінші компонентін алып үлгереді. Екі ай ішінде құқыққорғау органдары мамандарының барлығын екпемен қамтимыз. Облыс орталығында шамамен екі мыңға жуық полицей жұмыс істесе, олардың басым бөлігіне екпе салынады деп күтілуде. Адамның дене қызуы көтерілу сияқты белгілер байқалса, мамандар бір күнге жұмыстан босатылуы мүмкін, - дейді Ерлан Шәріпов. 

Айта кетейік, салалық министрлік тарапынан Павлодар облысына 93 мыңға жуық вакцина дозасы бөлінген. Бүгінгі күнге дейін бірінші компоненттің 10 750 дозасы, ал екінші компоненттің 6650 дозасы әкелінді. Осы күнге дейін 6353 адамға екпе салынды.

Өзгелердің жаңалығы