Павлодарлық ұстаздар Аймауытов байқауында бақ сынады

3 Қазан 2019, 15:08
1884
Бөлісу:
Павлодарлық ұстаздар Аймауытов байқауында бақ сынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы шеңберінде ұйымдастырылған байқау Баянауыл ауданында өткізілді, деп хабарлады pavlodarnews.kz.


Жүсіпбек Аймауытовтың 130 жыл толуына орай өткізілген алғашқы облыстық байқаудың ұйымдастырушылары – облыстық білім беру басқармасы және «Мәшһүр Жүсіп» қоры. Облыстың білім беру басқармасының мәліметінше, облыс мектептері ұстаздарының арасында тұңғыш рет өткізілген Ж.Аймауытов атындағы конкурсқа қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 30 мұғалімі бақ сынаған.

"Жарыс нәтижесінде «Сөз жампозы – Жүсіпбек» эссе жазу бойынша «Бас жүлдені» Ж. Аймауытов мектебінің ұстазы С. Абильдина жеңіп алды. І дәрежелі дипломға Экібастұз қаласы №26 ЖОББМ мұғалімі Ж. Сагантаева, ІІ дәрежелі дипломға Б.Сибанбаева және ІІІ дәрежелі дипломға Т. Адамжанов ие болды", - делінген таратылған ақпаратта.
Өзгелердің жаңалығы