Павлодарлық спортшылар жүзуден Қазақстан спартакиадасында үздік үштікке енді

11 Маусым 2019 2019, 14:33
1433
Бөлісу:
Павлодарлық спортшылар жүзуден Қазақстан спартакиадасында үздік үштікке енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарлық спортшылар Ақтөбеде жүзуден өткен Қазақстанның жазғы спартакиадасында 10 медаль еншіледі. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Облыстық туризмді және спортты дамыту басқармасының бас маманы Әйгерім Байсалбаеваның мәлімдеуінше, жүзу бойынша жазғы спартакиадаға 14 өңірдің командасы қатысты.

«Жарыста аталмыш спорт түрінің нағыз көшбасшылары сынға түсті. Облысымыздың құрамасы сайыс нәтижесі бойынша командалық есепте 3-орынға табан тіреді», - дейді ол.

Павлодарлық спортшылар қоржынға 4 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль салды.

Еліміздің рекордшысы павлодарлық Аделаида Пчелинцева жүзудің 5 түріне қатысып барлығынан жүлделі орынға қол жеткізді. Ол 50 және 100 метрге брасс әдісімен жүзуде алтыннан алқа тақса, 200 метрге брасс әдісімен жүзуде күміс медаль олжалады.

Белді спортшымыз Иван Карпов та жүлделі 5 орыннан көрінді. 50 және 100 метрлік баттерфляй бойынша 1-орын иегері атанса, 200 метрлік баттерфляй бойынша 2-орын иеленді.

Антон Адилов 50 метрге брасс әдісімен жүзуде күміс, 50 метрге еркін жүзуде қола медаль тақты. Владислав Казаков, Ангелина Конева, Аделаида Пчелинцева, Иван Карпов өнер көрсеткен облыс командасы аралас эстафетада 50 метрге жүзу бойынша 3-орын және 100 метрге жүзу бойынша 2-орын жеңімпаздары атанды.

 

Өзгелердің жаңалығы