Павлодарлық оқушыларды көкпар мен аударыспаққа баулуда

10 Ақпан 2020, 13:13
1159
Бөлісу:
Павлодарлық оқушыларды көкпар мен аударыспаққа баулуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда көкпар мен аударыспақ спортынан үйірмелерге балаларды жинау жүргізілуде, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Қазіргі кезде көкпар мен аударыспақ ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында мектеп жасындағы жасөспірімдерді тарту жұмысын бастадық. Аталған спорт түрлері физикалық денсаулықты ғана күшейтпей, рухани жағынан жақсы тәрбие береді. Осы орайда ата-аналарды өз ұлдарын №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне ертіп келуге шақырамыз, - деді шаһар басшысы Қайрат Нүкенов.

Сонымен қатар, ұлттық ат спорты түрлерін дамыту мен кеңінен насихаттау мақсатында 2019 жылы "Құлагер" ипподромында 4 жарыс өтті.

Павлодар әкімінің айтуынша, былтыр спорт және дене тәрбиесін насихаттау бойынша 340 іс-шара өткізілді. Оған 50 мың адамға жуық қатысушы жиылды. Оған қоса, Павлодар ауылы мен Ленин кентінде екі дене шынықтыру кешенінің құрылыстары аяқталды. Қалада 56 стритбол алаңы мен 27 мұз айдыны ашылды. 2020 жылы Мойылды мен Жетекші ауылдарында дене шынықтыру кешендерінің құрылысы басталады.


Өзгелердің жаңалығы