Павлодарлық кішкентай Қажымұхан мен Әлия

24 Сәуір 2020, 00:04
3855
Бөлісу:
Павлодарлық кішкентай Қажымұхан мен Әлия
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі жариялаған косплей байқауына 60-тан астам үміткер суреттерін жолдады. Бұл туралы pavlodarnews.kz порталы хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін павлодарлық музейдің косплей байқауын жариялағанын жазған болатынбыз. 

Kazhymukhanpvl.jpeg

Музей қызметкері Досжан Мұратбек байқауға қатысушылардың басым бөлігі мектеп жасындағы оқушылар екенін және басым бөлігі тарихи тұлғаларымыздың образын сомдап жатқанын атап өтті. 

Байқауға суреттерін жолдағандардың 80 пайызы – мектеп жасындағы балалар. Қалғандары – студенттер мен ересек адамдар. Бір бөлігі еркін тақырыпта және шет елдік жұлдыздардың образын таңдаған болса, бір бөлігі еліміздің тарихи тұлғаларын таңдаған - деді Досжан Мұратбек.

kospleipvl.jpeg

Байқауға қатысушылар жолдаған образдардың арасында Абай Құнанбайұлы, Қорқыт ата, Сұлтанмахмұт Торайғыров, палуан Қажымұқан, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты тұлғалар бар. 

Қазіргі уақытта 60-тан астам сурет келіп түсті. Оның 40-тан астамын іріктеп, дауыс жинауға салып отырмыз. Әлі де қызықты образдар келіп түседі деп ойлаймыз - деді Досжан Мұратбек.

Айта кетейік, байқауға кез келген жастағы облыс тұрғыны қатыса алады. Суреттерді қабылдау мамыр айының 5-іне дейін жалғасады. 

Байқау шарты: 1. Косплей фотосуретін 8 708 227 05 60 ватсап нөміріне жолдайсыз; 2. Косплей фотосуретін өзіңіздің инстаграм парақшаңызға #Бухаржыраукосплей хэштегі арқылы жариялап, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің инстаграм парақшасын @bukharmuseum көрсетесіз.

Өзгелердің жаңалығы