Павлодарға масаға қарсы препараттар жеткізілді

19 Наурыз 2023, 06:20
811
Бөлісу:
Павлодарға масаға қарсы препараттар жеткізілді
Фото: pavlodarnews.kz

Шыбын-шіркейлермен күрес барысында 71.5 мың гектар жайылма алқабы өңделетін болады. Бұл жұмыстарға 102 тонна биологиялық препарат қажет, деп хабарлайды  BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Қазіргі уақытта жалпы облысқа қажетті 60 тонна препарат бар және бүгін мердігерлік ұйыммен тағы 20 тонна жеткізілді. Бүгінгі препараттың жеткізілуі мен қабылдап алуын өңір басшысы Асайын Байханов өзі тексерді. Қалған көлем ағымдағы жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей күтілуде, - деді баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ еурокубтар сатып алынды және әуеден өңдеу үшін қажетті техникалар дайындалды. 

Қар толығымен ерігеннен кейін ғылыми сүйемелдеу тобы шыбын-шіркейлердің дернәсілдерінің фенологиялық дамуын  бақылауды бастайды. Шыбын-шіркейлермен  күрес жұмыстары ерекше бақылауда.

Өзгелердің жаңалығы