Павлодардың әлеуметтік дүкендеріне арзан жұмыртқа жеткізіледі

13 Мамыр 2021, 18:40
905
Бөлісу:
Павлодардың әлеуметтік дүкендеріне арзан жұмыртқа жеткізіледі
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығындағы 20-ға жуық әлеуметтік дүкенге арзандатылған жұмыртқа жеткізіледі.

Облыстық кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму басқармасы аймақтағы ірі екі құс фабрикасымен келісімшартқа қол қойды. Екіжақты уағдаластықтың арқасында тұрғындар жұмыртқаны әлеуметтік бағамен сатып алады.

Жауапты басқарма мамандарының айтуынша, кәсіпорындар тағы 500 мың жұмыртқа бөлді. Құс фабрикасынан өнімнің ондығы 360 теңгеден босатылады, ал сауда нүктелерінде 396 теңгеден сатылады. Бірақ, бұл сомадан аспауы тиіс.

Бұл партия биыл мамыр айында тасымалданады. Павлодар облысының әкімдігі мен «Шарбақты Құс» және «Павлодар Құс» кәсіпорындарымен серіктестік орнатты. Тиісті құжат сәуір айында бекітілді. Бұл жұмыс әлеуметтік маңызы бар өнім бағасының әдейі көтерілмеуін болдырмау мақсатында атқарылады. Сол себепті әр жұмыртқаның партиясына арнайы белгі қойылады, - дейді мамандар.

Бұл шараның арқасында өңірде жұмыртқа бағасы тұрақталды. Тұрғындар бағаны қасақана көтеру жағдайларын байқаса, жауапты басқарманың шұғыл желісіне хабарласа алады. Еск есалсақ, өнім бағасын тұрақтандыру мақсатында бұған дейін 500 мың дана саудаланған.

 

 



Өзгелердің жаңалығы